Әлем • 26 Қаңтар, 2024

Түркияда жер сілкінісі тіркелді

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Малатия провинциясында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Түркияның табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Түркияда жер сілкінісі тіркелді

Фото: aa.com.tr

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 16:04-те Батталғазы ауданында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 13,93 шақырым тереңдікте орналасқан.

Малатия губернаторы Эрсин Язджидің айтуынша, құрбандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.