Фото: prosports.kz
1950 жылдан бері тұрақты өткізіліп келе жатқан Странджа кубогіне әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай (51 кг) бастаған боксшылар аттанады. 54 кг салмақта Дәулет Молдашев, 57 килода Оразбек Асылқұлов, 60 кг салмақта Руслан Күзеубаев, 63,5 кг: Ерасыл Таңқай, 67 кг: Дулат Бекбауов, 71 килода Талғат Шайкен, 75 килода Нұрқанат Райыс, 80 кг салмақта Тұрсынбай Құлахмет, 86 кг салмақ дәрежесінде Абзал Құттыбеков айқасқа түседі.
Ақпан айының соңында Италияда Париж жазғы Олимпиадасына әлемдік іріктеу турнирі басталады. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов Болгарияға ұлттық құраманың негізгі құрамын қосқан жоқ.