Олимпиада • 26 Қаңтар, 2024

Париж жазғы Олимпиаданы өткізуге толық дайын емес - қала мэрі

916 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 26 шілде - 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылда бір келетін әлемдік додаға дайындық барысын Париж мэрі пысықтады. Анн Идиальго жергілікті BFM телеарнасына берген сұхбатында қала спорттық сайыстарды өткізуге толық дайын емес екенін сынға алып, шұғыл шешілу керек әлеуметтік, материалдық жағдайларға назар аударды, деп жазады Egemen.kz 

Париж жазғы Олимпиаданы өткізуге толық дайын емес - қала мэрі

Фото: egemen.kz

Парижді басқарып отырған алғашқы әйел-әкім қала жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге 100 пайыз дайын емес екенін жасырмады. Ол сұхбатында спорттық сайыстарды тамашалауға келген адамдар мен қатысушылардың саяхаттауы мен қаланы тамашалауы үшін транспорт тапшылық тудыратынын алға тартты. 

«Бұл мәселенің барын жасырып-жабудың қажеті жоқ. Ашығын айту керек. Қазірдің өзінде қоғамдық көлік жетіспеушілігі байқалады. Олимпиада уақытында транспортқа сұраныс едәуір артады. Біз қосымша көлік желілерін іске қосып, трамвай сымын Порт-Дофин станциясына дейін ұзартуды жоспарлап отырмыз», деді Анн Идиальго.

Ол сондай-ақ қаладағы әлеуметтік ахуал көңіл көншітпейтінін, ел астанасында үйсіз азаматтардың көбейгенін айтты.

«Біз Олимпиада ойындары кезінде қаладағы кедейлік шегін жасырғымыз келеді. Ол өтіп кеткенде қайтадан сол қалпымызға ораламыз. Мен бұл халықаралық іс-шараның Парижде оң із қалдырғанын қалаймын. Мәселеге тік қарау керек», деді Париж мэрі.

Анн Идиальго спорттық сайыстар өтетін Сена өзенін тазарту ісі де күрмеулі екенін де еске салды.

аа

Фото: www.bfmtv.com

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35