Спорт • 27 Қаңтар, 2024

Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары тағы топ жарды

2967 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО Бәйге федерациясы Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары мәре сызығын тағы бірінші болып кескенін хабарлады. Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде топ жарды, деп жазады Egemen.kz.

Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары тағы топ жарды

Фото: БҚО Бәйге федерациясы

Al Maktoum Challenge бәйгесінде 12 тұлпар жарыс жолына шықты.

Оның ішінде экс-чемпион Мими Какуши және классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.

Енді Тілек Мұхамбетқалиев тізгіндеген тұлпар наурыз айында Дубайда өтетін бүкіләлемдік кубокта бақ сынайды.

ааа