Жануарлар • 27 Қаңтар, 2024

Шымкент зообағы жаңа жануарлармен толықты

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент зообағы 3 альпакамен толықты. Олар Чехиядан арнайы алдырылған, деп жазады Egemen.kz.

Шымкент зообағы жаңа жануарлармен толықты

Фото: Шымкент зообағы

Альпаканың үшеуі де 2022 жылы туған. Олардың  екеуі аналық, біреуі аталық. Зообақ мамандары қуанышты хабармен желідегі парақшасында бөлісті. Мамандар альпакаларға ат қоюды желі қолданушыларының ықтиярына бермек.

«Біздің зоосаябағымыз жаңа жануармен толықты. Әлі күнге дейін альпакалардың лақап аттары жоқ. Достар, біз сіздерден осы сүйкімді жануарларымызға лақап ат берулеріңізді сұраймыз. Ол үшін пікір алаңына өз нұсқаларыңыз бен ұсыныстарыңызды жаза кетіңіздер. «Тұяқтылар» бөлімінің қызметкерлері ең жақсы лақап атты таңдап алатын болады», делінген жазбада.