Қоғам • 28 Қаңтар, 2024

Шығын 7 млн теңге: Ақтөбеде алаяқ кәсіпкерлерді алдап кетті

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе тұрғындарының әрқайсысы несие алу үшін алаяққа миллион теңгеден берген, деп хабарлайды Egemen.kz Mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығын 7 млн теңге: Ақтөбеде алаяқ кәсіпкерлерді алдап кетті

Фото: azattyq-ruhy.kz

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жеті адам зардап шегіп, шығын жеті миллион теңгені құраған.

Ұсталған азамат өзінің таныстарының арасынан төмен пайызбен несие алғысы келген адамдарды тапқан. Ол кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы бес миллион теңгеге несие алуға көмектесуді ұсынып, көрсеткен қызметі үшін жәбірленушілерден бір миллион теңгеден өндіріп алған. Сайып келгенде, жәбірленушілер ақшасыз және несиесіз қалды.

Күдікті ақшаны жұмсап қойған. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.