Фото: atpress.kz
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қаңтар күні сағат 13:08 шамасында Атыраудың Көкарна кентінде жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті. Салдарынан 31 жастағы жүргізуші көз жұмды.
17 жастағы жолаушы жақын жердегі облыстық ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына 4 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды.