Спорт • 29 Қаңтар, 2024

Жүлде алған Әбиба ғана

867 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Португалияның Одивелаш қала­сын­­да дзюдодан Гран-при турнирі аяқ­тал­ды. Бұл жарыста еліміздің ең белді ­18 балуа­ны бақ сынады.

Жүлде алған Әбиба ғана

Қазақстан құрамасының қоржыны алғаш­қы күні-ақ жүлдемен толықты. Аса жеңіл сал­мақта өнер көрсеткен Әбиба Әбужақы­но­ва бас­тапқы бәсекелерде нидерланд­­тық Эамбер Гаршес пен франциялық Лаура Эспа­­динханды ұтқанымен, ширек финалда Жапо­нияның 18 жастағы жас жұлдызы Кано Мия­киге әлі жетпеді. Есесіне одан кейін бель­гиялық Лоис Петит пен түркиялық Ерсін Силаға сан соқтырып, қола медальды мой­­нына ілді. Өкінішке қарай, өзге дзюдошылар Әбу­жақынованың ерлігін қайталай алмады.

Былтыр дәл осы турнирде Әбиба алтыннан алқа таққан еді. Финалда ол өзінің командалық әріптесі Ғалия Тыңбаеваны тізе бүктірді. Сондай-ақ 73 кг салмақта күрескен Жансай Смағұлов та күміс медаль иеленді.