Спорт • 29 Қаңтар, 2024

Париж-2024: Соңғы лицензиялық турнир су спорты түрлерінен өтеді

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катар астанасы Дохада ақпан айының 2-18 күндері аралығында су спорты түрлерінен өтетін әлем чемпионаты – 2024 жылғы Париж Олимпиадасына лицензия берілетін соңғы турнир, деп хабарлайды Egemen.kz.

Париж-2024: Соңғы лицензиялық турнир су спорты түрлерінен өтеді

Фото: Pexels

Аталған соңғы лицензиялық турнирде суға жүзу, ашық суда суға жүзу, көркем жүзу, биіктен суға секіру, су добы спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алдын ала іріктеу сатысында А тобында Бразилия, АҚШ, Нидерланд командаларымен ойнайды.

Сондай-ақ ерлер командасы D тобында Румыния, Италия, Венгрия құрамаларымен сайысады.

Қазіргі уақытқа дейін 2016 жылғы жазғы Олимпиадада суға жүзуші Дмитрий Баландин 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден чемпион атанған. Қазақстан спортшылары әзірге су спорты бойынша одан өзге жүлдеге қол жеткізбеген.

Париж Олимпиадасы 26 шілде-11 тамыз аралығында өтпек.

 

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше