Аймақтар • 29 Қаңтар, 2024

Енді сырттан сұйық газ алмайды

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы сұйытылған газға деген қажеттілігін жаба бастады. Бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев хабарлады.

Енді сырттан сұйық газ алмайды

«Құрметті жерлестер! Есте­ріңізде болса, Мемлекет бас­шысының тапсырмасы аясында осыдан бір ай бұрын облысымызда Үкімет басшысының қатысуымен «Рожковское» газ кен орны іске қосылған еді.

Аталған іс-шара барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат бергенімде жаңа кен орны облысымыздың сұйытылған газға деген сұ­ра­нысын жабатынын айтқан едім.

Енді, міне, араға тура бір ай салып, кен орнынан өндірілген 1 100 тонна сұйытылған газ облыс қажеттілігіне бөлінді. Енді ай са­йы­н осындай көлемде cұйы­тылған газ өңірге жеткізіліп тұра­ды.

2024 жылдың соңына дейін кен орнында 4 ұңғыманы пай­да­ла­нуға беру жоспарда бар. Осы­лай­ша, өн­діріс қуатын арттырып, бұрын­ғыдай сұйы­тылған газды басқа облыстардан әкелуден арыламыз.

Бұл – бірлескен еңбектің нәтижесі. Өндіріс орнында еңбек етіп жүрген газ саласының барша қызметкеріне ризашылығымды білдіремін!», деп жазды БҚО әкімі.

 

Батыс Қазақстан облысы