Қоғам • 30 Қаңтар, 2024

Алматыда бүгін екі рет жер сілкінді

3691 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсмикалық стансалар желісі 30 қаңтар таңғы уақытта Алматыда екі рет жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда бүгін екі рет жер сілкінді
 

 

Бірінші жер сілкінісі сағат 03:03 кезінде болды. Жер дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Афтершок. Энергетикалық санаты − 10.5. MPV магнитудасы − 4.5. Тереңдігі − 10 шақырым. Алматыда сезілген жоқ.

Ал екінші жер сілкінісі алмтылықтарға 2 балл көлемінде сезілді. Ол сағат 04:27-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді. Энергетикалық санаты − 13.3. MPV магнитудасы − 5.8. Тереңдігі − 10 шақырым.