Үкімет • 31 Қаңтар, 2024

Ветеринария қызметін күшейтуге қаржы бөлінді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет еліміздің ветеринариялық қызметін күшейтуге өз резервінен 3,8 млрд теңге бөлді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz  Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ветеринария қызметін күшейтуге қаржы бөлінді

Фото: gov.kz

«Қаражат ветеринариялық зертханаларды дәлдігі жоғары құрылғымен – халықаралық ұсынымдар және Codex Alimentarius ережелері мен талаптарына сай келетін сұйық хроматографпен жабдықтауға бағытталады. 

Бұл ветеринария саласында дәл және нақты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тиімділігі жоғары сұйық хроматограф тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың болмашы іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Оны қолдану халықтың денсаулығын тағам арқылы таралатын қауіпті аурулардан қорғауға елеулі үлес қосады.  Сонымен қатар жаңа құрылғы бүгінде әлемдегі ондаған елге тауарларын экспорттап жүрген отандық өндірушілерге сыртқы нарықтың қатаң талаптарына сәйкес болуына мүмкіндік беретіні» жазылған ақпаратта.

Алдағы уақытта шетелден жеткізілетін өнімдерге бақылау күшейтіледі,  ветеринариялық талаптарды бұзу фактілері анықталған жағдайда жануарлардан тарайтын аурулардан қорғау шаралары да жедел  жүзеге асырылады.  

Қаулы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау жолындағы маңызды қадам саналып отыр.