Фото: Facebook
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, «Алматы – Ташкент» республикалық маңызы бар жолының 567 шақырымында автобус пен жеңіл және жүк таситын автокөлік соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан Бауыржан Момышұлы ауылындағы аудандық ауруханаға 19 адам жеткізілген, оның ішінде 1 бала бар. ТЖД қызметкерлерінің жұдырықтай жұмылуымен қысылып қалған адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілген.
Дерекке сенсек, қаза болғандар жоқ. Қазіргі кезде Нұрлыкент ауылындағы мәдениет үйінің жылыту пунктіне 39 жолаушы орналастырылған, оның ішінде 8 бала бар.