Қоғам • 31 Қаңтар, 2024

Қарызын жаппақ болған ер адам бүйрегін саудаға шығарды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адамның ағза мүшесін сатудың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарызын жаппақ болған ер адам бүйрегін саудаға шығарды

Фото: Polisia.kz

Қарызға белшесінен батқан ер азамат өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, кездейсоқ сатып алушыға интернет арқылы сатуға тырысқан.

Автор желі қолданушыларына өз мүшесін сатуды ұсынды, ал алу операциясы туралы барлық келісімдерді қабылдаушы ұйымдастыруы керек еді.

Танымал әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты.

«Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша қаражатын беру туралы мәміле жасалды. Күдікті Көкшетау қаласында ақша беру кезінде ұсталды. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында полицейлер ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы, бірақ елордада тұратынын анықтады», делінген хабарламада.

Ер адам мұндай шарасыз қадамға ойынға тәуелділіктен жинақталған қарыздарға байланысты бел буғанын айтты.

Қазір істің мән-жайы зерттеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.