Ағаш өнімдерінен тұрмыстық заттарды жасаумен айналысқанына 22 жылдан асқан шебердің қолынан шыққан ыдыстар, астау, күбі, асхана бұйымдары халық арасында үлкен сұранысқа ие.
Бұл кәсіпті ең алдымен домбыра жасаудан бастаған шебердің қолынан шыққан дүниелерге өзге өңірлерден де арнайы тапсырыс беретіндер көп. Сүйікті ісін кәсіп көзіне айналдырып, шәкірт тәрбиелеп, ізденуден жалықпаған шебер ұлттық қолөнерді жаңғыртуды көздеп отыр. Осы мақсатпен ұлдарын тәжірибе алмасуға өзге облыстарға арнайы жіберген.
Сабыр Есқараевтың шеберханасында ағаштан жасалған бұйымдардың түр-түрі бар. Сондай-ақ жылына 20 дана эпоксидті шайыр дайындайды.
Түркістан облысы