Жоба • 31 Қаңтар, 2024

Ауыл жастары және «Болашақ»

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша кейінгі жылдары ауылдағы жас мамандарға квота бөлініп, жеңілдіктер қарасты­рылған. Алайда елдегі жастар мұны толыққанды пайдалана алмай отыр. Аталған бағдарлама бойын­ша ауылдағы қыз-жігіттердің шетелдік жоғары оқу орнына түсу көрсеткіші тым төмен.

Ауыл жастары және «Болашақ»

Мәселенің оң шешімін табу үшін былтыр 6 қарашада «Ауыл» партиясы мен Халықаралық «Болашақ» бағ­дарламалар орталығы өзара ынты­мақ­тастық жайында меморандумға қол қойған болатын. Соның аясында партия мен орталық ауылдағы жас мамандарды «Болашақ» бағдарламасымен шетелдің оқу орындарында оқыту және тағылымдамадан өткізуде бірлесе жұ­мыс істеуге келіскен.

Ал осы апта басында «Ауыл» халық­тық-демократиялық патриоттық партия­сының өкілдері аталған мәселеге байланысты халықаралық бағдарлама­лар орталығы басшылығымен кездесу өткіз­ді. Іс-шараға «Ауыл» партия­сы орталық аппаратының басшысы Қ.Сейіт­жанов, Парламент Мәжілісіндегі «Ауыл» партиясы фракциясының депу­таты Т.Серіков, Халықаралық бағ­дар­ламалар орталығының басқарма төрағасы Ә.Оспанова, сондай-ақ онлайн режімде аудандық мәслихат депутаттары, аудандар және ауылдық округтердің әкімдері, «Ауыл» партиясы өңірлік филиалдарының төрағалары мен жастар жетекшілері қатысты.

Жиында қос тарап шетелде «Болашақ» бағдарламасымен білім алушы ауыл жастарының санын арттырудағы жұмыс жайын талқылады. Атап айтсақ, елді мекендерге насихаттау топтарын жіберу, үміт­керлердің шет тілін талапқа сай меңге­руіне жағдай жасау, жергілікті жердегі аграрлық мамандық иелерін, медицина қызметкерлері мен мұғалімдерді кәсіби тағылымдамадан өткізу мәселесі кеңінен сөз болды.

– «Ауыл» партиясы тарапынан пар­тия­ның филиалдары арқылы ауыл­дық жердегі сауатты жастарды тауып, олар­дың шетелде білімін шыңдауға барын­ша көмек көрсетеміз. Сонымен қатар Мә­жілістегі депутаттар арқылы «Бола­шақ» бағдарламасының кейбір кемшін тұс­тарын толықтыруға, ауыл жастарына қо­лайлы болуы үшін заңға өзгерістер ен­гі­зуге күш саламыз, – дейді партия орта­лық аппаратының басшысы Қуаныш Сейітжанов.

Сондай-ақ кездесуде сөз алған Мә­жіліс депутаты Т.Серіков бағдар­ламада ауылдықтар үшін тек магистратурада білім алу қарастырылғанын, тағы­лым­дама мен докторантураның ұмыт қалғанын еске салды.

Жиын соңында кездесуге қатысу­шы­­лар бағдарламаға қатысты сұрақ­тар қойып, ұсыныстарын айтты. Ұйым­дас­ты­­ру­шылар әрбір ұсыныс пен сұрақ, көтерілген мәселенің ескерусіз қал­майты­нын жеткізді.