Кәсіпқой бокс • 01 Ақпан, 2024

Бірінші раундта нокаут. Ел спортшысы бокс кешінде белбеу иеленді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақта әлем чемпионы, спорт шебері Ангелина Лукас  (5-1, 2 КО) Бакуде өткен бокс кешінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберіп, WIBA белбеуін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Бірінші раундта нокаут. Ел спортшысы бокс кешінде белбеу иеленді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Осылайша Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін жеңіспен түйіндеді.

Ол Пәкістан өкілі Рома Юсафпен (5-0-1, 2 КО) ең жеңіл салмақта қолғап түйістірді. Бұл жолы Рома Юсаф кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады. 

Айта кетейік, Ангелина Лукас бұған дейін WBC International және UBO чемпиондық белдіктерін де жеңіп алған еді.