Спорт • 01 Ақпан, 2024

Бокс: Қазақстанда өтетін беделді турнирлердің тізімі

996 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі 2024 жылы Қазақстанда өтетін турнирлер тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокс: Қазақстанда өтетін беделді турнирлердің тізімі

Фото: Olympic.kz.

2024 жылы Қазақстанда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Аталған турнир қыркүйек айының соңы - қазан айының бастапқы күндері аралығында өтеді деп жоспарланған. 

Еліміздегі беделді турнирлердің бірі «Елорда кубогі» маусым айында ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ биыл Сағадат Нұрмағамбетов мемориалы, Вахитовский турнирі, Шоқыр Бөлтекұлы мемориалы, Абдалиев мен Ғалым Жарылғапов мемориалдары өз жеңімпаздарын анықтайды. 

Жастар арасында өтетін жарыстар қатарында Бекзат Саттарханов мемориалы, Жетісу кубогі, Әйтеновтер мемориалы, Серіков мемориалы, Сафин мемориалы мен Хайрутдиновті еске алуға арналған турнир бар. 

Биыл Галиб Жафаров пен Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған бокс додасы ұйымдастырылады. Серік Сәпиевтің жүлдесі үшін өтетін турнир де жас боксшыларға мүмкіндік болмақ.