Фото: Тұрар Қазанғапов
Тергеу барысында аудан бухгалтерлері алдын-ала сөз байласу арқылы мұғалімдердің жалақысынан аса ірі мөлшерде қаржы жымқырып келгені анықталды. Олар бұл әрекеттерін 2021-2023 жылдар аралығында жүзеге асырып келген. Тергеу барысында есепшілер мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерткені белгілі болды.
Прокурорлардың айтуынша, күдіктілер заңсыз жолмен 530 миллион теңгеге жуық қаржыны иемденген.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығы анықталып жатыр. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды», делінген прокуратура хабарламасында.