Саясат • 01 Ақпан, 2024

Смайылов пен Мишустин қазақстандық көмірді Ресей арқылы тасымалдау мәселесін талқылады

109 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин кездесті. Келіссөздер Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы қарсаңында өтті, деп жазады Egemen.kz.

Смайылов пен Мишустин қазақстандық көмірді Ресей арқылы тасымалдау мәселесін талқылады

Фото: https://primeminister.kz/

Тараптар сауда, инвестиция, өнеркәсіптік ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, қазақстандық көмірді Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдау, сондай-ақ қазақстандық тасымалдаушылардың Ресейге кіруіне қатысты проблемаларды жою мәселелері жан-жақты талқыланды.

Әлихан Смайылов екі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастар өзара құрмет қағидаттары негізінде прогрессивті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

«Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады, бұған өткен жылдың 11 айында 24 миллиард долларды құраған тауар айналымының керемет көлемі дәлел», деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан өңіраралық және шекаралық ынтымақтастықты дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр. Бұл бағыттағы тиімді алаң – Өңіраралық ынтымақтастық форумы.

«Ағымдағы жыл бірлескен іс-шаралар мен түрлі деңгейдегі өзара байланыстар тұрғысынан қарқынды болатынына сенімдімін. Қазақстан үкіметі барлық салаларда толық ауқымды және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын», деді Әлихан Смайылов.

Михаил Мишустин дәстүрлі қонақжайлылық үшін алғыс айтып, Ресей Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға басымдық беретінін атап өтті.

Біз өнеркәсіп, автомобиль, энергетика, мұнай-химия, көлік инфрақұрылымы, цифрлық экономика және басқа да көптеген салаларда ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Біз жаңа өндіріс тізбегінің құрылысын жеделдетуді ұсынамыз», деді РФ Үкіметінің төрағасы.