Басылым • 01 Ақпан, 2024

Басқа басылымдардан: Сирия бойынша келіссөздер өтті

69 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сирия бойынша келіс­сөздердің жаңа раунды басталды. Келіссөздің күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалдың өзгеруі мен сол жердегі жағдай, терроризмге қарсы күрес, сенім шаралары және тағы басқа мәселелер кіреді.

Басқа басылымдардан: Сирия бойынша келіссөздер өтті

Кездесуге қатысушылар Газа секторындағы жағдай, Палестина-Израиль қақтығысының ушыға түскені, Йемен төңірегіндегі қақты­ғыс пен Израиль-Ливан шекарасындағы қиындықтардың Сирияға қалай әсер ететінін талқылауды жоспарлап отыр. Қазақстан тарапы былтыр маусым айында Сирия жөніндегі кездесулерді тоқтатуды ұсынған еді. Өйткені ең қиын кезең артта қалды. Алайда, Астана үдерісінің кепілгер елдерінің ұжымдық өтіні­шіне сәйкес, Қазақстан билігі жаңа кездесу өткізу жөнінде шешім қабылдады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі Астана үдерісін Сирия мәселесін реттеуде «ең тиімді формат» деп бағалады. Ал  Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның Сириядағы жағдайды реттеу үшін Астана форматында әзірленген тәсілдерді сақтап қалудың маңызы зор екенін атап өтті.

 

апр

Абу-Дабиден – Қазақстанға

Таяу Шығысты Орталық Азия өңірі­мен одан әрі байланыс­тыратын Абу-Даби­­ден Қазақстанға ұша­тын жаңа бағыты іске қосылды.

Біріккен Араб Әмірліктерінің төмен тарифті ұлттық әуе компаниясы енді жолаушыларды Абу-Дабиден Түркістанға дейін тасымалдайды, бұл тікелей рейс ашылған Қазақстандағы үшінші қала болды. Абу-Дабиден Қазақстанға рейстер аптасына үш рет орындалады, саяхатшылар сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұша алады.

Жол жүру құны – бір бағыт 179 дирхамнан бас­талады, сонымен қатар билеттер қазірдің өзінде сатылып жатыр.

 

 апр

Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік ел

Қазақстан Транс­каспий халықара­лық көлік бағытын нығайту арқылы Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік ел ретінде позициясын нығайтуға үмітті.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі­нің орынбасары Роман Василенконың мәлімдеуінше, Қытайдан Еуропаға баратын барлық құрлық тасымалының шамамен 85%-ы Қазақстан арқылы өтеді. Өткен жылы Қазақстан аумағы арқылы жүктердің жалпы ағыны 895 миллион тоннаны құрады. Ал бүгінде дүние жүзіндегі көптеген елдердің назары Қазақстан арқылы тасымалдауды кеңейтуге бағытталған. Қытайдан басталатын Транскаспий халықаралық көлік өткізу қабілеті Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия аумақтары арқылы өтіп, Еуропаға жетеді, осылайша Ресей аумағын айналып өтеді.

 

мсчи

Қарашығанақ пен Қашағанның бәсі жоғары

Eni италиялық ком­паниясы өз үлесі бар Қазақ­­стан­­­да­ғы­ екі ірі мұнай-­газ кәсіп­­орны арасында топ-менеджерді ауыс­тырды.

Биыл наурызда Джанкарло Руиу Қазақ­станның екінші ірі мұнай-газ өндіру жоба­сы Қарашығанақтан елдегі ең ірі теңіз көмірсутегі кен орны Қашағанның басқарушы директоры қызметіне ауысады. Екі жоба да Қазақстан үкіметімен өнімді бөлу тура­лы келісімдер бойынша жұмыс істейді және миллиардтаған долларлық жаңғырту және кеңейту бағдарламаларын қамтиды. Қашаған көмірсутектерді өндіруді ұлғайтуға, ал Қарашығанақ тұрақты өндірісті сақтауға барынша мүдделі.

 

сми

Kaspi.kz «Nasdaq» қор биржасында

Қазақстандық банк Kaspi Финтех тобы АҚШ-тың «Nasdaq» қор биржасына шығып, акциялары $17,5 миллиардқа бағаланды.

IPO барысында Kaspi.kz иелері әр акция­ны 92 доллардан, жалпы саны 11,3 миллион америкалық акция сатты. Олар кейін компанияның қарапайым акцияларына айырбас­талды. Компания акционерлері Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе және Baring Vostok құрамына кіретін Asia Equity Partners қоры акционеріне 1 миллиард доллардан астам табыс әкелді.

Сондай-ақ инвесторлар бейсенбіде 9 миллион­ акцияны сату жоспарымен салыстырғанда өз ұсыныстарын 11,3 мил­лион акцияға дейін арттырған.