Үкімет • 02 Ақпан, 2024

Үйлестіру туралы құжат

139 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа келісім шеңберінде 2024-2026 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіруді жалғастырады. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Үйлестіру туралы құжат

Бұл құжатта отандастары­мыздың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру мақ­сатында тараптардың өзара тығыз іс-қимылы қарас­ты­рыл­ған. Бірлескен күш-жігер экономиканы ауқымды және терең трансформациялау, инвестицияларды ұлғайту және инфляция бойынша мақ­сат­ты көрсеткіштерді орын­­дау арқылы сапалы эконо­ми­ка­лық өсуге қол жеткізуге бағытталады.

«Үкімет өз міндеті ретінде ортамерзімді перспективада экономиканың өсу қарқынын 6%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. Ұлттық банк мақсаты – инфляциялық таргеттеу ре­жімінде ортамерзімді перспективада инфляцияны шамамен 5% төңірегінде тұрақтандыру», делінген келісім мәтінінде.

Атап айтқанда, Үкімет тұрақты экономикалық өсу үшін теңгерімді салық-бюджет сая­сатын жүргізетін болады, бюджет шығыстарының мұ­най бағасына тәуелділігін төмен­дету, сондай-ақ олардың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет пен инвестиция тартуда белсенділікті арттыру үшін қолайлы және ынталандырушы жағдайлар жасау бойынша қадамдар қарастырылады.

Азық-түлік өнімдерін тұтыну­дағы импорт үлесін қысқарту, оның ішінде жаңа құс және ет комбинаттарын, сүт зауыттарын іске қосу, алма бақтарын өсіру арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету бойынша жұ­мыс жалғасады.

Сонымен қатар әлеумет­тік маңызы бар азық-түлік тауарларының ауылшаруа­шы­лық тауар өндірушілерден тұтынушыға дейінгі қозғалы­сын цифрландыруға мүмкіндік беретін өнімді қадағалаудың Ұлттық жүйесі іске қосылады.

Үкімет сыртқы сын-қатер­лердің Қазақстан экономикасына теріс әсерін барынша азайту үшін сыртқы тауар айналымын, сауда шарттарын және тәуекелдерді бақылауды жалғастырады.

Сондай-ақ құжатта иннова­циялық және бәсекеге қабілет­ті ортаны дамыту, көлеңкелі секторды азайту, мемлекеттің эко­номикаға қатысуын азайту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және т.б. мәселелер бо­йынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыру қарастырылған.

Келісімде тараптар Қазақ­стан­­да институционалдық рефор­­маларды жүргізудің, инс­ти­тут­тардың тәуелсіздігін нығай­тудың, құқықтық база­ны күшейтудің және респуб­ликаның институционалдық стандарттарын озық үлгіге жеткізудің маңыздылығын айқын атап өткен.