Қоғам • 02 Ақпан, 2024

«Соттағаннан не пайда?». Жедел жәрдем жүргізушісі мәлімдеме жасады

2140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан ер адамның бейнежазбасы таралып, қоғамның қызу талқысына түскен болатын. Күдіктінің кешірім сұраған бейне үндеуінен кейін  жәбірленуші,  жедел жәрдем жүргізушісі де үн қатты,  деп жазады Egemen.kz.

«Соттағаннан не пайда?». Жедел жәрдем жүргізушісі мәлімдеме жасады

baq.kz

«Мен оны сотқа сүйремеймін. Мен жайлы қате пікір айтушылар бар. Тик-ток әлеуметтік желісін бір жарым жылдан бері жүргіземін.  Жедел жәрдем жүргізушісі қызметіне қоса актермін. «Хайп үшін сойылға жығылды» деп айыптаушылар бар. Мен ешқандай пайда көрейін деп отырғам жоқ. Алла бәрін кешіреді, қандай қателік жасасаң да кешірімі болады.  Мен жай ғана Алланың пендесі, құлымын. Сондықтан біз де кешіреміз», деді жәбірленуші Төреғали Берікқалиұлы.

27 қаңтардың түнінде шақырту бойынша науқасқа барған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін сойылдаған күдікті көп өтпей ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.