Бокс • 03 Ақпан, 2024

9 боксшымыз Испаниядағы турнирдің финалына шықты

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның Ла Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2024 турнирінде еліміздің әйелдер құрамасынан 9 боксшы финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

9 боксшымыз Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Фото: meta-ratings.kz

Boxam Elite-2024 турнирінің жартылай сынында Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі) және Гүлсая Ержан (75 келі) шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті.

Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалда:

Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) - Клара Кортес Фернандес (Испания) - 4:1

Назым Қызайбай (Қазақстан) - Лаура Фуэртес Фернандес (Испания) - 5:0

Жазира Орақбаева (Қазақстан) - Ираче Валс дель Валле (Испания) - 5:0

Әнел Сақыш (Қазақстан) - Ханна Лакотар (Венгрия) - 4:1

Мадина Нұршаева (Қазақстан) - Лаора Капицци (Бельгия-1) - 5:0

Гүлсая Ержан (Қазақстан) - Аид Джордж (Тринидад және Тобаго) - 4:0 көрсеткішімен қарсыластарынан басым түсті.

Ал құрама сапында Аида Әбікеева (63 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) бірден финалдық бәсекеде бақ сынайды.