Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палата бюросының отырысында заң жобаларының дайындығы туралы мәселелер қаралды.
Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бірқатар заң жобаларын қарауды ұсынып отыр. Атап айтқанда, “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы” және “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы “Байқоңыр” кешенінде болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы” заң жобалары жалпы отырысқа шығарылады.
Сонымен қатар, аталған комитет “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы” заң жобасымен жұмысты жалғастыру жөнінде ұсыныс жасады.
Сондай-ақ бюро отырысында депутаттық корпустың заң шығарушылық қызметіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.
“Егемен-ақпарат”.