Қылмыс • 03 Ақпан, 2024

Қарағанды да жедел жәрдем жүргузішісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев екі айға қамалды

581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды да жедел жәрдем жүргузішісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев екі айға қамалды

Анықталғандай, тергеу соты күдіктіні сырттай қамау туралы прокурор шағымын қанағаттандырған.

- 28 қаңтарда сот сырттай Нұрболат Дәкебаевқа қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпас шарасын тағайындады. Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ, – делінген сот ақпаратында.

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрған еді. Оқиғаның видеосы желіде тарап кеткен.

Салдарынан жәбірленушінің миы шайқалып, мұрны сынған, кеуде мен беттің жұмсақ тіндеріне зақым келген.

Жүргізушінің айтуынша, ер адамға жедел жәрдем көлігін тұраққа қойғаны ұнамай қалған.

Күдікті Нұрболат Дәкебаевқа іздеу жарияланып, ол 1 ақпанда Қарағандыдан 200 шақырым жердегі қыстауда ұсталды. Ол үш жылға дейін сотталуы мүмкін.