kazsports.kz
Үш күнге ұласқан турнирде ұлттық құрама спортшыларына 3 күміс, 4 қола медаль бұйырды. Аманбол Бегімбетов (63 кг) Ясмина Нарбаева (62 кг) мен Жансель Дениз (73 кг) финалдық сайыста сүрінді. VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы Батырхан Төлеуғали (80 кг) және Бексұлтан Мұсахан (68 кг), Ерасыл Орынбасар (74 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг) жартылай финалдан аса алмай қола медальді місе тұтты.
Екі жыл бұрын біздің спортшылар осы турнирден 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленген еді.