Спорт • 05 Ақпан, 2024

Grand Slam жарысында Қазақстан дзюдошысы қола жүлдегер атанды

684 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның бас шаһары Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысында Ұлттық құрама дзюдошысы Нұрлыхан Шархан қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz министрлікке қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Grand Slam жарысында Қазақстан дзюдошысы қола жүлдегер атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ол жүлде жолында швейцариялық Айх Даниэльден басым түсті.

Нұрлыхан Шархан іріктеу кезеңінде өз тобынан суырыла озды. Алғашқы айналымда америкалық Натаниэль Киваны, одан кейін әлем рейтингінде үшінші орнында тұрған нидерландылық Майкл Коррелді ұтты. Ширек финалда серб спортшысы Александр Куколды қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға шықты.

Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы Николоз Шеразадишвилимен (Испания) кездескен ол қарсыласына есе жіберді.

Айта кетсек, Grand Slam жарысына әлемнің 107 елінен 621 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 1 000 ұпай, ІІ орынға – 700, ал ІІІ орынға 500 ұпайдан қосылады.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03