Аймақтар • 06 Ақпан, 2024

Талдықорған әкімінің қарапайымдылығына жұрт риза болды

214 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуын тапсырған еді. Сол арқылы елдің мұң-мұқтажы анық көрінетіні аян. Осы ретте шаһар басшысы Ернат Бәзіл Талдықорғанды қоғамдық көлікпен аралап, жұрттың тілегін тыңдады. Өзімен еркін тілдескен жетісулықтар қала әкімінің қарапайымдылығына риза болды.

Талдықорған әкімінің қарапайымдылығына жұрт риза болды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын бекіткен еді. Яки, мемлекеттік қызметкер халықтың тілек-арызын жерге тастамай, мәселесін шешуге ұмтылуы шарт. Соған орай қала басшысы қызметтік көлігінсіз, жалғыз өзі ел ішін қоғамдық көлікпен аралап, тұрғындармен тілдесті.

Қала әкімін бірден таныған жұртшылық оның бұл бастамасын қолдап, халықпен бірге қоғамдық көлікпен жүріп қала ішін аралап жүрген ең алғашқы әкім екендігін айтты.

Әдеттегідей емес қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы тұрғындардың жеке мәселелерін кабинетте емес тұрғындарға толы автобуста тыңдап, кей мәселені жеке бақылауына алатындығын жеткізді.

«Кейінгі уақытта қоғамдық көлікте болатын келеңсіз  жайттар жиілеп кеткендігін әлеуметтік желіден байқап отырмын. Осыған орай, бүгін арнайы шығып осы мәселеге қатысты халықтың пікірін тыңдап, тұрақты түрде қаланы қоғамдық көлікпен араламақпын. Жай ғана автобуста жүріп қана қоймай жұртшылықтың мәселесіне тереңінен үңілуге мүмкіндік береді екен», деді Е.Бәзіл.

А

Сонымен қатар қала басшысы коммуналдық базармен орталықта жайғасқан сауда нысандарын да аралады. Алдағы уақытта бұл үрдіс әдетке айналмақ. Тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату үшін, қаланың ішкі мәселесімен жіті танысу үшін өзге де автобустармен облыс орталығын аралайды.