Ғылым • 06 Ақпан, 2024

Күнсұлу Закария әлемнің топ-ғалымдары қатарына кірді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның беделді ғалымы Күнсұлу Закария вакцинацияны дамытуға барынша үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күнсұлу Закария әлемнің топ-ғалымдары қатарына кірді

Фото: Артем Чурсинов

International Woman's Day (IWD) жаһандық бастамасы вакцина жасайтын аса көрнекті әйелдердің тізімін ұсынды.

Ұйымның пікірінше, Сара Гилберт (AstraZeneca), Катрин Ян ее (Pfizer), Кизмекия Корбе (Moderna), Елена Смолярчук (SputnikV), Сумати Кей (Covaxin India), Хэнеке Шутмэкер (Johnson&Johnson) және Озлем Туречи (BioNTech) пандемиямен күресуге айтарлықтай үлес қосқан. Бұл туралы Techcollectivesea басылымы жазды.

Айта кетсек, Қазақстанда әзірленген QazVac (QazCovid-in) вакцинасы тазартылған, концентрацияланған, белсенділігі жойылған вакцина саналады. Аталмыш вакцинаны әзірлеу технологиясы уақытпен сыналған, оның барлық компоненттері сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды әзірлеу кезінде мақұлданған. Оның тиімділігі, зерттеулер мен қолдану тәжірибесіне сәйкес 90%-дан жоғары.

Еске салайық, жуырда Күнсұлу Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды.