Сенат • 06 Ақпан, 2024

Батыл шешім, нық қадам жасайтын кез келді - М.Әшімбаев

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында ел Үкіметінің алдында тұрған мақсат-міндеттер туралы ойын жазып, үлкен жауапкершілік жүктелгенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Батыл шешім, нық қадам жасайтын кез келді - М.Әшімбаев

Фото: senate.parlam.kz

Ел экономикасының алдында айқын мақсаттар тұрғанын жазған Сенат Спикері батыл шешім мен нық қадам жасау уақыт талабы екенін еске салды.

«Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов еліміздің Премьер-Министрі болып тағайындалды. Олжас Абайұлы - елдік мүдде жолында жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі мемлекеттік қызметші. Сондықтан ол жаңа қызметте өзіне жүктелген маңызды міндеттерді мүлтіксіз орындайды деп сенеміз және соған тілектестігімізді білдіреміз.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, қазіргі таңда ел экономикасының алдында айқын мақсаттар тұр. Бұл бағыттағы бастамаларды жүзеге асыру үшін батыл шешімдер мен нақты істер қажет екені де айтылды. Осы ретте Парламент Сенаты Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау үшін Үкіметпен әрдайым қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенін атап өткім келеді», деген М.Әшімбаев Үкімет басшысына жаңа қызметте сәттілік тіледі.