Білім • 06 Ақпан, 2024

Ақылбек Күрішбаев - 2024 жылдың үздік ректоры

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польша Республикасындағы WallStreetBets (WSB) Академиясы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевты «2024 жылдың үздік ректоры» атағымен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz KazNARU баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақылбек Күрішбаев - 2024 жылдың үздік ректоры

Фото: KazNARU баспасөз қызметі

Сертификатты WSB Академиясының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, доктор Рафал Рембилас табыстап, бұл мәртебелі атақ KazNARU басшысы А.Қ.Күрішбаевқа ғылым мен жоғары білімді дамытудағы үздік жетістіктері үшін және екі елдің ғылыми қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін берілгенін айтты.

Өз кезегінде, KazNARU ректоры Ақылбек Күрішбаев университеттің поляк серіктестерімен орнатылған ынтымақтастығының маңызды бағыттарына тоқталып, жоғары білім және ғылым саласында бірлесе атқарылған белсенді жұмыстарға ризашылығын білдірді.

«Кездесу аясында бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау бойынша бірлескен білім беру жобаларын іске асыру; менеджмент және іскерлік әкімшілік саласында екі дипломды білім беру бағдарламаларын құру; цифрландыру және ақпараттық технологиялар, ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен қолданбалы зерттеулер саласын дамыту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды», делінген хабарламада.

Қос тарап өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы ортақ пікірге келіп, бірлескен білім беру бағдарламалары туралы Меморандумға қол қойды.

 

го