«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ желілеріне қосыларда техникалық шарттарды алу үшін өтінімді енді eGov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен онлайн қалдыруға болады. Дайын болған техникалық шарттарды SMS хабарлама түрінде жолданған сілтемеге өтіп, жүктеп алуға болады. Осы орайда техникалық шарттардың тегін берілетінін атап өткен жөн.
Құлаққағыс ретінде айтар болсақ, 2023 жылдың 29 тамызында «Табиғи монополиялар туралы» заңына техникалық шарттардың мерзіміне қатысты өзгерістер енгізілді. Осы түзетуде техникалық шарттар берілген сәттен бастап жарамдылық мерзімі 3 жылдан аспайтыны нақты жазылған. Тек бұл өзгерістердің құрылысы жүріп жатқан техникалық шарттарға еш қатысы жоқ.
Осы түзетулерге дейін техникалық шарттардың арнайы белгіленген мерзімі болмаған. Осылайша, техникалық шарттардың барлық иелері құжаттың жарамдылық мерзімі берілген уақытынан үш жыл өткенде, бірақ ол мерзім 2024 жылдың 1 шілдесінен ерте аяқталмайтынын ескеруі керек. Бұл жобаларды дәлірек жоспарлауды және тиімді бақылауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар газдың бос қуат тапшылығын болдырмайды. Заңнамадағы түзетулерді Парламент Мәжілісінің депутаттары ұсынып, қабылдады.
Бұған қоса инфрақұрылымдық желілердің қолжетімді болуы үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында 2023 жылы қолжетімділік шарттары да жеңілдетілді. Техникалық шарттарды алуға өтініш беру үшін қажетті құжаттар саны екі есе қысқарды. Сондай-ақ тұрғын үй немесе нысанның газ жүйесіне қосылуға дайындығын тексеру үшін қажетті құжаттар саны 14-тен 5-ке дейін қысқарған.