Аймақтар • 06 Ақпан, 2024

Қаржылық сауатыңыз қарыздан құтқарады

122 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жылдан бастап 8 өңірде елдің қаржылық сауатын көтеруге бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы қолға алынғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Аmаnаt» партия­сы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасының тиімділігін айтып, алда оның аясын кеңейтуді тапсырған болатын. Осылайша, өткен жыл ішінде 65 мыңнан астам адамның қаржылық сауатын арттыруға мүмкіндік жасаған жоба биыл еліміздің барлық аймағында жүзеге аса бастайды.

Қаржылық сауатыңыз қарыздан құтқарады

Биылғы ерекшелік – қар­жылық сауаттылық негізін мектеп қабыр­ға­сы­нан бастап оқыту жоспарланып отыр. Ол үшін Үкіметпен бірлесіп оқушыларға, колледждер мен жо­ғары оқу орындарының студенттеріне ар­нал­ған оқу құралдары әзірлену үс­тін­де. Жалпы, қаржылық сауат­ты­­лық курстарында 90 күн­нен артық мерзімі өткен қарызы бар адамдарға басым­дық бе­рі­­леді.

Осы жылы Қызылорда облысында осы бастама аясында 8 мың азаматты оқыту жоспарланып отыр. Дүйсенбі күні Қызылорда қаласымен қатар Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудан­дарында курстар бас­талды.

– Жоба қатысушылары қаржы кеңесшілері дәріс­терінен бөлек, enbek.kz порталына тіркелу мен жеке кәсіп ашудан бастап, соттан тыс банкрот­тықты сүйемелдеу және бере­шекті өтеу кестесін жасау се­кіл­ді мәселелер бо­йын­ша кеңес ала алады. Сон­дай-ақ оқу үдерісіне қа­ты­сушыларға заңгерлер де көмек береді. Елдегі азамат­­тар курсқа жазылу үшін «Amanat» партиясының қала­лық не­месе аудандық фи­лиа­лына хабарласуға болады, дейді – партияның облыстық фи­лиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова.

Жұртшылыққа қаржы сауат­­­­­ты­лы­ғы курстарын өткізе­тін са­рап­шыларды пар­тия­ның орталық аппараты арнайы оқудан өткізген. Облыста жоба аясында дә­ріс оқитын осындай 5 сарап­шы бар. Олардың жетек­шісі «Қарызсыз қоғам» жоба­сының Қызылорда облысы бойынша менеджері, серти­фи­кат­талған тренер, мен­тор Наталья Мишукова.

– Жоспар бойынша биыл 8 мың адамды оқытуымыз керек. Оқумен қатар қала әкімдігінің жанынан ашыл­ған фронт-офисте түрлі кеңес алып, кәсіппен айналысқысы келетіндерге бизнес-жоспар жасауға көмек бері­ле­ді, – дейді Наталья Мишукова.

Қатысушылар арасында әйел­дер­дің көптігі бай­қа­лады. Солардың бірі – Айгүл Базарбаева. Алға қа­рай қарыз­­сыз қадам басуды көздеген ол қал­таң­дағы қаржыңды есептеп, жөн-жосықсыз несие­ге ұрынбау үшін әр адамның осындай курстардан өткенін дұрыс деп санайды.

Облыс орталығы мен 4 аудан­да қатар басталған қар­жы сауаттылығы сабақ­­та­ры алда Байқоңыр қаласы мен қалған үш ауданда да жал­ға­сады.

 

Қызылорда