Қазақстан • 07 Ақпан, 2024

Қазақстанда дабыл белгісі қосылады

2804 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына дабылдың қосылуына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда дабыл белгісі қосылады

фото: gov.kz

8 және 9 ақпанда елімізде «Көктем-2024» оқу-жаттығуы өтеді. Олар жыл сайын су тасқынына дайындық үшін ұйымдастырылады. Биыл республикалық штаб Ақтөбеде орналасады.

Аумақтық деңгейдегі ескерту жүйесінің дайындығын тексеру үшін 8 ақпанда Астана уақытымен сағат 12:55-те барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. «Сабырлық сақтап, дүрбелең мен қауесеттерге берілмеуіңізді сұраймыз», деді құтқарушылар.

Өткен жылы Түркістан, Павлодар, Абай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының тұрғындары су тасқынынан зардап шекті.