Спорт • 07 Ақпан, 2024

Астанада велотректен ел чемпионаты басталды

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы «Сарыарқа» велотрек кешенінде Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада велотректен ел чемпионаты басталды

Фото: Астана әкімдігі

Чемпионатта ерлер, әйелдер, жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар спринт, кейрин, топтық жарыс түрлерінен 10 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Велоспорт елімізде танымал спорттың бірі саналады. Жазғы Олимпиада ойындарында Александр Винокуров Сиднейде күміс жүлдегер болса, Лондонда чемпион атанған болатын. Былтыр Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында да жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді.

«Міне, енді сіздердің араларыңызда да болашақ Олимпиада чемпиондары бар деп сенемін. Барлықтарыңызға сәттілік!», деген Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеғали Корбозов жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Байрақты бәсекеге Астана қаласы, Абай облысы, Алматы облысы, Ақмола облысы, БҚО, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, СҚО, ШҚО және көрші Өзбекстан мемлекетінен 199 спортшы тіркелді.