12 Маусым, 2010

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАП

509 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
“Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.” компаниясы де­меушілік қызметін тұрақты не­г­із­де жүргізіп келеді. Осындай игілікті шараға әр жаз маусы­мын­­да ҚПО жолдамаларға ақы тө­леуден аянбайды. Оның не­гізінде кен орнының өн бойында орна­ласқан Бөрлі ауданының ауылда­рындағы балалар демалып, ден­сау­лықтарын түзейді. Жаз жай­натып, күн күлдірген шақта олар­ға барлық жағдай Оралдағы “Та­лап” гимназиясының лаге­рінде жа­салған. Атап айтқанда, гимна­зия­­мен кәсіпшіліктің ин­вес­тор­ла­ры бірнеше жылдан бері бөрлілік жеткіншектердің ден­сау­лығын сау­ықтыруға шарт жасау­ды дәс­түр­ге айналдырыпты. Ла­гер­­ьде ба­лалардың қызықты де­малуы басты назарда. Өйткені олардың көңіл-күйінің көтеріңкі болуы денде­рінің сау болуына септігін тигі­зетіні анық. Қуаныш сыйлаудың нақты көрінісі міне, осы. “Талапта” бәрі де көңілді. Күн тәртібінде ойындар, серуен құру тәрізді шаралар өткізіледі. Мұндай игі істің басы-қасында әрине білікті педагогтар жүреді. Лагерьде кадрлар даярлауға жіті назар аударылған. Бала көңілін та­буға ештеңені де салыстыруға келмейді. Себебі, жеткіншектің жақсы қалыптасуына көңіл бө­луден артық нәрсе жоқ. Лагерьдің тәрбиешілері бұл орайда әр жет­кін­­­шектің өресінен шығуға тал­пы­­нады. Лагерь директоры Татья­на Лариончеваның айтуына қа­раған­да, балалар күн сайын экс­кур­­­сияға шығады. Жайық өзенін­де теплоходта сейіл құрады. Сон­дай-ақ олар қала театрларын та­ма­шалап, кино көреді, спорт алаң­­дарында жарыс жолына шы­ғып, бассейндерде суға түседі. ҚПО-ның халықпен жұмыс жөніндегі маманы Ақмарал Әді­лованың айтуынша, лагерь Орал­дағы ең таңдаулы оқу орындары бірінің базасында құрылған. Мұнда бейнелеу өнерінің мектебі, көптеген үйірмелер істейді. Яғни, әр жеткіншек өзі қалаған сүйікті ісімен айналысады. Осы жазда Қа­рашығанақ инвесторларының қар­жысымен 140 бала демалады. Ке­зінде бұл лагерьде болған ба­лалар­дың айтуынша, кезекті ауы­сым бір сәтте өте шығады екен. Оның да жөні бар. Мұнда бәрі ойдағыдай ұйымдасты­рылған. Сондықтан да болар “Талапта” өткізілген күндер балалардың жа­дында ұзақ уақыт бойы сақта­лады. Бір сөзбен айт­қанда, жазғы демалыс күндерінің әсері естен кетпейді. Марат АҚҚҰЛ, Батыс Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025