Оқиға • 08 Ақпан, 2024

Алматыдағы лай көшкіні: Оқиға орнына қала әкімі барды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 ақпан сағат 02:20-да Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Тау Самалы шағынауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай болды. Аталған аумақта лай көшкіні жүріп, 4 адам іздестіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы лай көшкіні: Оқиға орнына қала әкімі барды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Лай көшкіні шағынаудандағы бір үйді толық, екінші үйді ішінара басып қалған. Авариялық-құтқару тобы мекенжай бойынша тұратын 4 адамды іздестіріп жатыр.

Топырақтың лайлануы салдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкен жерге қала әкімі Ерболат Досаев  келді.

«Негізгі басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Үйде болған адамдарды іздеу бойынша  жұмылдырылған топтың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет», деді Ерболат Досаев.

Лай көшкіні басып қалған баспананың көршілері үйде 4 адамнан тұратын 1 отбасы болғанын айтты.

Әкімнің тапсырмасы бойынша оқиғаның себептерін анықтау және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.