Қоғам • 09 Ақпан, 2024

Әлеуметтік қызметтің игілігін кімдер көрді?

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2024 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы  арқылы шамамен 43,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 3,4 мың – ымдау тілі қызметін, 11,1 мың – жеке көмекшінің, 724 – санаторлық-курорттық емдеу қызметін пайдаланған, деп жазады Egemen.kz  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.  

Әлеуметтік қызметтің игілігін кімдер көрді?

ortcom.kz

«Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда 877 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық (бөлімшелер), 584 ОТҚ жеткізуші, 28 мыңнан астам жеке көмекші, 725 ымдау тілі және 109 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған Портал жөніндегі комиссияларға жаңа өкілеттіктер берілген: мүгедектігі бар адамдардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы өтінішін 5 күн ішінде қабылдау және қарау; өнім берушіге хат жолдау және оның орындалуын бақылау; өнім берушіні Порталдан шығару және жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды», делінген хабарламада.

Азаматтар порталды пайдалану бойынша ақыл-кеңесті  қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөміріне хабарласу  арқылы  біле алады.