Спорт • 09 Ақпан, 2024

Париж-2024 жолдамасына таласатын Қазақстан боксшылары белгілі болды

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияда өтетін әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Париж-2024 жолдамасына таласатын Қазақстан боксшылары белгілі болды

Фото: Olympic.kz.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліптің құрама командамен кездесуі барысында белгілі болды. 

Аталған лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар: 

51 келі: Сәкен Бибосынов;

57 келі: Махмұд Сабырхан; 

63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;

71 келі: Асланбек Шымбергенов;

80 келі: Нұрбек Оралбай;

92 келі: Айбек Оралбай.

Еске салайық, бокстан Қазақстан ерлер командасында әзірге бір ғана жолдама бар. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев Париж лицензиясын қоржынға салған еді. 

Қазіргі уақытта Қазақстан командасы жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Италиядағы іріктеу турнирі 29 ақпан – 12 наурыз аралығында өтеді.