Оқиға • 09 Ақпан, 2024

Алматы облысында қар көшкіні жүрді

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбекшіқазақ ауданы «Түрген ауылы - Батан» автожолынан 24 шақырым жерде қар көшкіні болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында қар көшкіні жүрді

Фото: ТЖ департаменті

Алматы ТЖМ мәліметінше, жалпы көлемі 216 текше метр болатын қар массасы автожолды жауып тастады.

Зардап шеккен азаматтар жоқ, ғимараттарға да зақым келмеген.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 1 қызметкері мен 1 техникасы жіберілді. Сондай-ақ «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері автожолды тазарту жұмыстарына кірісіп кетті.

Айта кетсек, «Түрген ауылы - Батан» автожолы жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында 2024 жылдың 1 мамырына дейін жабық тұрады.

Соңғы жаңалықтар

Мейірім маршы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Бұйырған кетпейді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Ең төменгі нота

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:02

Қолдан көлік құрастырған

Өнер • Бүгін, 08:00

Қолөнершілер бас қосты

Қоғам • Бүгін, 07:55