Құтқарушы • 10 Ақпан, 2024

8 құтқарушы 18 шақырым жаяу жүріп, кейуанаға көмекке келді

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысына қарасты Мұғалжар ауданының әкімшілік орталығы саналатын Қандыағаш қаласынан 8 құтқарушы 18 шақырым қашықта орналасқан Басшили ауылына дейін жаяу жүріп, кейуанаға көмекке келген, деп жазады Egemen.kz.

8 құтқарушы 18 шақырым жаяу жүріп, кейуанаға көмекке келді

Фотода Нұрболат Тәжігұлов, ҚР ТЖМ телеграм

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада аталған ауылдың қарт тұрғынының денсаулығы нашарлауына байланысты құтқару қызметіне қоңырау келіп түскен, бөлімше командирлері Нұрболат Тәжігұлов, Донат Шамақов, қарауыл бастығы Әли Ақдәулет, өрт сөндірушілер Марат Елдос, Құсайынов Ақниет, Сұлтамұратов Жетек, Сағындық Абылайхан, Жалғасов Аманжол көмекке келген.