Спорт • 12 Ақпан, 2024

Странджа кубогі: Қазақ боксшылары бір алтын, бір күміс, бір қола еншіледі

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияда өтіп жатқан халықаралық Странджа кубогінде қазақ боксшылары 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Странджа кубогі: Қазақ боксшылары бір алтын, бір күміс, бір қола еншіледі

Фото: gov.kz

Үндістандық Раджатты 3:2 көрсеткішімен жеңген 67 келідегі Дулат Бекбауов алтынға қол жеткізіп, Странджа кубогінің чемпионы болды.

Санжар Тәшкенбай 51 келі салмақтағы Үндістан боксшысы Амит Пангалдан (Әлем чемпионатының күміс жүлдегері) 0:5 көрсеткішімен ұтылып, күміс жүлдені місе тұтты.

Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) айтулы халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды.

Аталған бокс додасында 28 елден 178 спортшы жүлдеге таласты.

 

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35