Қоғам • 12 Ақпан, 2024

Алматы облысында заңсыз аң атып, балық аулағандар ұсталды

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында браконьерлерден 200 келі балық пен жабайы жануардың еті, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілер тәркіленді,  деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында заңсыз аң атып, балық аулағандар ұсталды

polisia.kz

9 ақпанда «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, Нұрлы ауылының маңындағы Іле өзеніне жақын жерден үш резеңке қайықты анықтады.  «Тексеру барысында Еңбекшіқазақ ауданының 22 және 42 жас аралығындағы алты тұрғыны заңсыз аң аулаумен және балық аулаумен айналысқаны анықталды. Сондай-ақ екі қозғалтқышы бар үш қайық, жалпы салмағы шамамен 200 келі болатын балық, жабайы жануардың еті табылып, тәркіленгенін», деп мәлім етті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Қайықты тексергенде 10  патрон, 12 калибрлі патрон оқ-дәрісі бар тіркелмеген қару кесіндісі, өсімдік құрамды ерекше иісті полиэтилен пакет және өзен түбінен тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленген. Б.Әленов заңсыз аң, балық аулау фактісі және атыс қаруы мен есірткі затын заңсыз алып жүру, сақтау  бойынша  сараптамалық зерттеу тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.