Бокс • 12 Ақпан, 2024

Өзбекстан озып кетті. Бокстан Странджа кубогінде Қазақстан қай орынға тұрақтады?

2427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгария астанасы Софияда бокстан кіші әлем чемпионатына баланған Странджа кубогі мәресіне жетті. Ел құрамасы бұл бәсекеде 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен 5 орынға табан тіреді, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстан озып кетті. Бокстан Странджа кубогінде Қазақстан қай орынға тұрақтады?

Фото: sputnik.kz

Странджа кубогі - 2024 бокс бәсекесінде жалпыкомандалық есепте Өзбекстан құрамасы көш бастады. Көршілердің қоржынында 5 алтын, 2 күміс, 5 қола бар. Ал екінші орынға 2 алтын, 2 күміс, 2 қоламен Үндістан құрамасы жайғасты. Үздік үштікті Болгария боксшылары түйіндеді. Олар Странджа кубогінде 1 алтын, 4 күміс медаль иеленді.

Қазақстан Украинадан кейін 5-орынға тұрақтады.

Странджа кубогі - 2024 қорытынды есебі:

  1. Өзбекстан — 5-2-5
    2. Үндістан — 2-2-2
    3. Болгария — 1-4-0
    4. Украина — 1-1-3
    5. Қазақстан — 1-1-1
    6. Грузия — 1-0-3
    7. Қырғызстан — 1-0-0
    7. Қытай — 1-0-0
    9. Алжир — 0-1-4
    10. Тәжікстан — 0-1-0
    10. Грекия — 0-1-0
    12. Иран — 0-0-2
    13. Түркия — 0-0-1
    13. Франция — 0-0-1
    13. Моңғолия — 0-0-1
    13. Армения — 0-0-1
    13. Литва — 0-0-1
    13. Ирландия — 0-0-1.

Қазақстан құрамасынан 67 келідегі Дулат Бекбауов алтын медаль алса, Санжар Тәшкенбай 51 келіде күмісті місе тұтты. 80 келіде Тұрсынбай Құлахмет қолаға қол жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы халықаралық Странджа кубогінде екінші нөмірлі спортшылар бақ сынайтынын мәлімдеген еді. Ұлттық құрамадағы бокстан өз салмағының үздіктері Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық турнирде Париж олимпиадасының жолдамасына таласады.