Қоғам • 12 Ақпан, 2024

Елімізде киікті атуға қайтадан тыйым салынды

1332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктерді аулау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде киікті атуға қайтадан тыйым салынды

фото: sn.kz

Министрдің айтуынша, қазір отандық ғалымдар мен шетелдік сарапшылар киіктерді атуды тоқтату керек деген қорытындыға келді. Сонымен қатар орманшылар қарлы дала сілемдерімен жүре алмайды.

«Отандық ғалымдармен, халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталастан кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады. 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық», деді Нысанбаев.

Оның болжамы бойынша, Қазақстандағы киіктердің саны жақын арада 2,5-2,6 миллионға жетеді.

«Былтырғы киік төлінің санын ескере отырып, биыл мамыр айында мұқият егжей-тегжейлі санақ жүргізіледі. Болжам бойынша, 40 пайызға өсті деп айта аламын. Жалпы, төлдеу кезінде, есепке алсақ. Былтырғы киік төлі бойынша популяция шамамен 2,5 – 2,6 миллион бас болады. Сонымен қатар киік төлі бойынша пессимистік болжамды алсақ та – бұл 30 пайызды құраса, тағы да плюс шамамен 700 – 750 мың бас болады деп күтеміз», деді  министр.