Аймақтар • 12 Ақпан, 2024

Студент құрастырған қосымша

853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы технологиялық университетінің 3-курс студенті Нұрдәулет Байханов жаңа қосымша құрастырды. Өзі де ҰБТ тапсырған ол жаңа қосымшасын UNAI деп атаған.

Студент құрастырған қосымша

Жаңашылдыққа жаны құ­мар Нұрдәулет Байханов мұ­найлы өңірдегі орта мектепті бітірген. Ол құрастырған қо­сым­шаның ерекшелігі көп. Біріншіден, ҰБТ сұрақтарына дайындалуға, екіншіден, сараптама жасауға, үшіншіден, жеке және топтық сайыс өткі­зуге, төртіншіден, оны тегін пай­далануға болады.

«ҰБТ-ға дайындалудың жүй­кеге салмақ түсіретінін біле­мін. Сол себептен, бұл қо­сымша «100 мың оқушыға қа­лай көмектесе аламыз?» деген ізденістен туындады. Мақ­сатым – биыл 100 мың түлек­тің осы бағдарламаны пай­даланып, мемлекеттік грант­пен жоғары оқу орында­рына түсуіне көмектесу. Әр тү­лектің білімін жетілдіруіне кіш­кене болса да үлесімді қос­қым келді», дейді Нұрдәулет Байханов.

Оның пікірінше, білікті маман атану үшін алдымен ҰБТ сынағынан жоғары балл алу қажет. Жастар мемлекеттік грантпен жоғары білім алып, маман атанса, еліміздің әлем­дік деңгейге танылуына үлесін қосар еді.

«Шоқан Уәлихановтың «Халықтың кемеліне келіп, өр­кендеп, өсуі үшін ең алды­­мен азаттық пен білім қа­жет» дегенін ұдайы жадымда ұс­тап жүремін. Мен де елім­нің дамуына үлесімді қо­сып, халқымыздың жағдайы жақ­сарғанын қалаймын», дейді жа­ңашыл студент.

Талапты жастың айтуынша, UNAI қосымшасын пайдалану үшін App Store және Play market бағдарламасы арқылы жүктеу керек. Қосымшаға тіркелген соң, бастапқы бет­тегі «Ойнау» батырмасы ар­қылы бірден ҰБТ-ға да­йын­дықты бастауға болады. Ал арнайы нұсқаулықты unai.kz Instagram немесе TikTоk парақ­шасынан көруге мүм­кіндік бар.

 

Атырау облысы