Қысқы спорт • 12 Ақпан, 2024

Қыздар – үшінші орында

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Хонсю аралығындағы Хатонохе қаласында конькиден жас­өспірімдер арасындағы әлем біріншілігі өтіп жатыр.

Қыздар –  үшінші орында

Күні кеше ғана Күншығыс елінен «Қазақ­стан құрамасы қос жүлдені олжалады» деген қуанышты хабар жетті. Атап айтсақ, із кесу жарысында құрамында Кристина мен Алина Шумекова және Мария Деген сынды жүйріктері бар командамыз қола медальды иеленді. Бұл бәсекеде жапон қыздары алда­рына жан салмаса, Нидерландтың бұрым­дылары күміс медальды еншіледі.

Арада бір сағатқа жетер-жетпес уақыт өткенде Дарья Гаврилова және апалы-сің­лі Шумековалар спринтшілердің сайысында күміс жүлдені олжалады. Бұл бәсе­кеде жерлестеріміз Қызғалдақтар елі конь­кишілерінен ғана оза алмады. Үшінші орында – Канада құрамасы.