ANTIKOR • 13 Ақпан, 2024

Жаңақорғанда білім беру саласының қызметкерлері сотталды

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 ақпанда Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б. Ибрагимовқа, бас бухгалтері К. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты үкім шығарды. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңақорғанда білім беру саласының қызметкерлері сотталды

Фото: stan.kz

 

Сот үкімімен мекеменің басшысына және бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлерінің біріне – асырауында жас баласының болуына байланысты 5 жыл мерзімге жазасын кейінге қалдыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.