Экономика • 13 Ақпан, 2024

Мобильді аударымды бақылау алынып тастала ма - жаңа министр жауап берді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысынан кейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта қаралатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мобильді аударымды бақылау алынып тастала ма - жаңа министр жауап берді

Фото: depositphotos

Ұлттық экономика министрілігіне мобильді аударымдар мен белгілі мөлшер шегінде тұлғаларды кәсіпкер деп тану мәселесін қайта қарау тапсырылды.

«Бұл өзекті жағдай. Біз қаржылық-экономикалық блоктың ішінде бұл мәселені қарастырамыз. Өлшем шарттарын, тетіктерін әлі де егжей-тегжейлі қараймыз. Бұл сұраққа қайта ораламыз», деді  Нұрлан Байбазаров.

Алайда министр мобильді аударымдарды тексеруді түбегейлі тоқтату туралы шешім қайта қаралмайтынын мәлімдеді. 

«Мобильді аударымдар қалады. Бірақ әлі қайта қарайтын тұстар бар. Жеке кәсіпкерді анықтауға келсек, біз құқықтық мемлекетпіз. Әділетті мемлекетпіз, дұрыс па? Сіз бен біз осы заңның сақталуын қарауымыз керек. Біреулер заңды салықты төлейді, біреулер төлемейді. Әділдік болу керек. Яғни, бәрі салық төлеу керек. Бірақ әркімнің өз мөлшері болатыны түсінікті. Сондықтан біз түрлі режимдерді қарастырып жатырмыз. Осы режимдер арқылы салық жүйесі қалай жұмыс істейтінін ойластырудамыз. Бұл бәрін бір арнаға тықсырып тастау деген сөз емес», деді министр.